«Ақтоғай ауданы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі Сізге 2016-2017 жылдардағы эпидемиологиялық маусымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) мәліметіне сәйкес тұмау вирусының А(Н1N1/pdm09), А(Н3N2) және В типті тұмаудың, сонымен қатар басқа да  тұмауға жатпайтын респираторлық вирустардың  айналымда болуы мүмкін екенін хабарлайды.

 

Қазақстан Республикасында тұмаумен және ЖРВИ-мен сырқаттану қаңтар айының басында басталып, айдың соңында шыңына жетіп, ақпан айының ортасына дейін созылады.  


Қазақстан Республикасында 2016-2017 жылдардағы эпидемиологиялық маусымда төмендегі тұмауға қарсы вакциналар тіркеліп, қолдануға ұсынылған: Ваксигрипп (Францияда өндірілген), Флюарикс (Белгияда өндірілген), Инфлюфак (Нидерландыда өндірілген), Гриппол (Ресейде өндірілген).

 

Тұмау барлық жастағы адамдар арасында кең таралған инфекциялық аурулардың бірі болып табылады.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша маусымдық  эпидемиялар уақытында жыл сайын 250-500 мың, кейбір жылдары 1 млн. жуық адам көз жұмады.


Бірақ, өлім қауіпінсіз де тұмау сырқаттың денсаулығы мен өмірі үшін көп салмақ түсіреді.

 

Қызметкерлер мен жұмыскерлердің суық тиюмен  сырқаттануы жалпы сырқаттанушылық бойынша еңбекке жарамдылықты жоғалтудың  салыстырмалы көрсеткішінің 25-30% құрап, эпидемиялық маусым кезінде 40% және одан жоғары  көтеріледі.

 

Жыл сайын эпидемиялық маусым алдында (1 қазан мен 1 желтоқсан аралығында) өткізілетін вакцинациялау-тұмаудың алдын алудың сенімді әдістерінің бірі. 
Тұмауға қарсы вакцина қауіпсіз және тұмау мен оның асқынуының алдын алу бойынша жоғары нәтижеге ие.

 

Еңбекке қабілетті ересек тұрғындар арасында уақытылы иммунизация өткізу тұмаумен сырқаттануды төмендетеді.

 

Осыған байланысты, кәсіпорындар мен ұжымдар жұмыскерлер мен қызметкерлерді иммунизациялау мақсатында вакцинаны сатып алуы қажет.

 

Қазақстан Республикасында 2016-2017 эпидемиологиялық маусымда тұмауға қарсы төмендегі вакциналар тіркеліп, қолдауға ұсынылған: Ваксигрипп (Францияда өндірілген), Флюарикс (Белгияда өндірілген), Инфлюфак (Нидерландыда өндірілген), Гриппол (Ресейде өндірілген).

 

Тұмауға қарсы вакциналармен Қарағанды облысы көлемінде  қамтамасыз ету сұрақтары бойынша келесі фирмаларға өтініш жасауға болады:

 

  • «Медсервис плюс» КФ ЖШС, байланыс телефоны 87212 333149, 333150, 332797-медициналық мекемелерге өткізеді;
  • «Альбедо» ЖШС, тел 87273032106, Қарағанды облысы бойынша медициналық өкілі: Лазаренко В.Г. байланыс телефоны: 87212776781, 87013509286- мекемелер мен ұйымдарға өткізеді;
  •  «Медикер» ЖШС, байланыс телефоны 87212 589068-объектілерге шығу арқылы вакцинация жүргізеді;

 

«АҚТОҒАЙ АУДАНДЫҚ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ